Сердар Бердімұхамедов президент сайлауында жеңіске жетті

Фото жүктелмеген

Түркіменстан Республикасында Президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Сайлау нәтижесі бойынша, экс-президент Гурбангулы Бердымухамедовтың ұлы Сердар Бердымухамедов сайлаушылардың 72,97% дауысымен жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, көрші елде мерзімінен бұрын президент сайлауы 12 наурыз күні сағат 7:00-де басталған болатын. Оған елде тіркелген үш саяси партия және бір топ адам ұсынған тоғыз кандидат қатысқан.