BANNER

Алматыдан Парижге 1996-жылғы көлікпен барған отбасы

Фото автордікі

Көлігіңізбен ең алыс сапарыңыз қанша шақырымға ұласты? Жылына 2-3 рет туған ауылыңызға барып, әрі кетсе елді бір рет айналған шығарсыз? Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Серғалым Нәсіпхан 1996-жылғы «Тайота Ипсум» көлігімен Алматыдан Парижге қыдырып барған. Оның бұл сапарына ерекше бояу қосатын бір тұсы мынау – сапарға бала-шағасымен баруы. Серғалым бұл сапарын былай түсіндіреді. «Балаларыма Түркияға апарамын деп уәде бергенмін. Түркияға барған соң картаны ашып қарасам Парижге екі мың шақырымнан сәл асатын ғана қашықтықта тұр екенбіз. «Боса да бастан қан шықты» деп Францияға тартып кеттік. Қазақстаннан Париижге жету үшін 12 мемлекетті басып өттік.» Кейіпкеріміздің айтуынша барып-қайту сапарының ұзақтығы 20 мың шақырым. Бұған 21 күн жұмсалған.

«Көлік аса қатты тарлық еткен жоқ. Өзім автомеханик болған соң балаларым көз ашқаннан көлікте өсіп жатыр. Алты балам, келіншегімді және өзімді қосқанда 8 адам болдық. Негізі, колледжде оқитын үлкен ұлым бұл сапарға оқуына байланысты бара алмай қалды. Әйтпесе, 7 балам бар», - дейді көп балалы әке.

Айсұлтан Жақып