2026 жылы банк аударымдарын тексеру нәтижесінде 115 мың қазақстандыққа салық органдарынан хабарлама жіберілген.
Егер азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, алған табысын 270.00 нысанындағы декларацияда көрсетуі қажет. Декларацияны 2027 жылдың 1 қаңтары мен 15 қыркүйегі аралығында тапсырып, жеке табыс салығын 25 қыркүйекке дейін төлеу керек.
Салық органдары декларациядағы мәліметтерді банктерден алынған ақпаратпен салыстырады. Сәйкессіздік анықталған жағдайда азаматқа хабарлама жіберіліп, оны орындауға 30 күн уақыт беріледі.
Айта кетейік, салық органдарынан хабарлама келуі азаматтың бірден заң бұзғанын немесе оған айыппұл салынатынын білдірмейді.
Мобильді аударымдарға байланысты тексеріске іліккен қазақстандықтар декларация тапсырады
Сурет: ЖИ Gemini