Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі басталды. Онлайн форматта өтіп жатқан жиынға еліміздің барлық өңірінен 399 делегат қатысып жатыр. Күн тәртібінде партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және «Nur Otan» партиясын модернизациялау мәселелері қаралуда, - деп хабарлайды Saryarqanerws.kz тілшісі.
Саяси кеңес құрамына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин және Оспанбек Әлсейітов партияның саяси кеңесінінің құрамынан шығарылды. Сондай-ақ, Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу саяси кеңес құрамына қабылданды.