Президент шешімімен «Nur Otan» партиясының атауы «Аманат» деп өзгертілді

Фото: Пресс-служба Акорды

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту бастамасына қолдау білдірді, - деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

 "Мен партиямызды ресми тұрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын. Қазір әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Осындай аумалы-төкпелі заманда біз жаңа даму кезеңіне өттік. Барлығымыз Жаңа Қазақстандық құруға жұмыла кірісіп жатырмыз. Партия жаңа бастамаларға ұйытқы болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі басты мәселе – партияның жаңғыртылуы. Осыған орай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл пікірталасқа мен де қатыстым. Бірнеше ұсыныстың ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл -  ұлт үшін де, халық үшін де қастерлі ұғым. Бұл мемлекеттілік пен ұрпақ жалғастығын көрсетеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін партияның кезектен тыс съезінде Мәжіліс спикері, Парламенттегі Nur-Otan партиясы фракциясының төрағасы Ерлан Қошанов "Аманат" деп атау туралы ұсыныс білдірген болатын.