Ағадырлықтар бұрынғы ауданды қалпына келтіруді сұрайды

Фото жүктелмеген

Ағадыр кентінің тұрғындары елдімекенге бұрынғы аудан орталығы статусын қайтарып беруді сұрап президентке үндеу жолдады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

- Кезінде аудан болып тұрғандағы ғимараттың барлығы қазір толығымен жұмыс істеп тұр. Ешқайсысы бүлінген емес, бүлінгендері орнына келтірілді. Сондықтан қаражатқа да еліміз қатты қиналмайды. Ағадырға қайтадан аудан статусын қайтарып берсеңіздер дейміз. Біз халық болып соны сұраймыз. Сұраймыз! Сұраймыз!

Ағадыр кенті 1997 жылы аудан статусынан айырылып Шет ауданы құрамына енген. Бұрынғы аудан аумағында 23 мыңнан аса тұрғын бар. 10 теміржол бекеті және 5 ауыл мен 2 өндіріс орны жұмыс істейді.

Тұрғындардың айтуынша инфроқұрылымы мықты, темір жолдың ірі торабы орналасқан кент аудан орталығы болуға әбден лайық.