Қарағанды қаласындағы «КАЗ ДАМУ» ЖШС-де кәсіпорынның еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Басқосуға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Бекзат Алтынбеков, Жұрағат Баман, Елдос Жүнісов, Зара Шалабаева, Дархан Тілемісов және Арафат Мажитов қатысты.

Кездесу барысында отандық өндірісті қолдау, шағын және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының әлеуетін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және өндірістік инфрақұрылымды дамыту мәселелері сөз болды. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы экономиканы әртараптандыру мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған басымдықтарды да таныстырды.

Кәсіпорын қызметкерлері өндіріс саласына қатысты ойларын ортаға салып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әңгіме барысында тұрақты жұмыс орындарын сақтау, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту мәселелеріне назар аударылды.

- Өңір экономикасының тұрақты дамуы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың әлеуетіне тікелей байланысты. Өндірісті жаңғыртуға жағдай жасау, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек ұжымдарының мүддесін ескеру – маңызды бағыттардың бірі», – деді Жұрағат Баман.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.