Теміртау қаласындағы «Qarmet» АҚ конвертер цехында кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өтті.
Басқосуға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Сергей Ан, Сабыржан Амандықов, Аяжан Мақан және Рустам Танишпеков қатысты.

Кездесу барысында металлургия саласын дамыту, отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірісті жаңғырту және еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген экономиканы әртараптандыру, өндірістік әлеуетті нығайту және тұрақты жұмыс орындарын сақтау бағыттарына тоқталды.

Өндіріс ұжымымен пікір алмасу кезінде кәсіпорынның қазіргі тыныс-тіршілігі, сала мамандарының кәсіби әлеуеті мен еңбек жағдайына қатысты мәселелер қозғалды. Жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өндірісті дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу барысында Рустам Танишпеков өндіріс орындарының өңір экономикасындағы маңызына тоқталып, өнеркәсіптің тұрақты дамуы білікті мамандар мен еңбек ұжымының тәжірибесіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Айта кетейік, металлургия – Теміртау қаласының экономикалық әлеуетін айқындайтын негізгі салалардың бірі. Сондықтан өндіріс орындарын қолдау, еңбек адамының мүддесін қорғау және кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау маңызды міндет болып қала береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.