BANNER

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы өсті

Life09

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,05 теңгеге қымбаттап, 519,98 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 518,66 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 519,82 теңгеден сатып алынады, 521,75 теңгеден сатылады. Еуро 598,85 — 603,24 теңге, ал рубль 6,48 — 6,59 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,68 теңгеден сатып алынады, 76,18 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 520 теңгеден сатып алынады, 522,99 теңгеден сатылады;

— еуро: сатып алу — 599 теңге, сату — 604,07 теңге;

— рубль: сатып алу — 6,47 теңге, сату — 6,57 теңге.

— юань: сатып алу — 74,62 теңге, сату — 78,77 теңге.

Еске салайық, өткен апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге қымбаттап, 518,66 теңге болды.