Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,53 теңгеге қымбаттап, 514,74 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 508,3 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 517,51 теңгеден сатып алынады, 520,11 теңгеден сатылады. Еуро 597,81 – 603,81 теңге, ал рубль 6,57 – 6,70 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,88 теңгеден сатып алынады, 74,71 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 514,82 теңгеден сатып алынады, 521,82 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 595,72 теңге, сату - 605,72 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,59 теңге, сату - 6,75 теңге.
- юань: сатып алу - 72,78 теңге, сату - 77,08 теңге.
Еске салайық, 8 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,69 теңгеге қымбаттап, 508,30 теңге болды.
