BANNER

3 күн бойы ауыз су жоқ: Ақтаулықтар жолды жауып тастап, наразылық білдірді

Фото: видео скрин

9 шілдеде Ақтау тұрғындары пәтерлерінде су болмағандықтан, жолды жауып тастады. Олардың айтуынша, қаладағы 16 және 19-ықшамаудандарында үш күннен бері ауыз су да, техникалық су да жоқ, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz-ke сілтеме жасап.

Бейнекадрда ақтаулық әйел су тапшылығына байланысты тұрғындардың жиналғанын, алайда полицейлер кедергі жасап жатқанын айтты.

"Жолдың жабылуына байланысты көлік кептелісі пайда болып, артынан полицейлер де жеткен. Бұдан кейін әкімдік мәселеге қатысты түсінік берді. Олар орталық су құбырындағы су деңгейін ұстап тұру үшін қысымды жасанды түрде төмендететінін айтты. Ал қазір су тапшылығын азайту бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Екі жоба тамыз айына дейін аяқталады деп уәде етілген", – делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, Каспий тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 20 мыңнан 40 мың текше метрге дейін ұлғайту" жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының 95%-ы аяқталып жатыр. Жабдықтар кедендік рәсімдерден өтіп, зауытқа жеткізілген.

Бұдан бөлек Ақтауда су мәселесіне тап болғандардың қатары көбейген. Осылайша 16-дан 20-ға дейін, 30-дан 39-ға дейінгі шағынаударда жоспарлы су құбыры енгізілді. 

Ал, күні кеше әкімдік көлік жуу орындарының жұмысын шектеп, ағаштарды суаруды қысқарту туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, бұған дейін 12 маусымда Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жол бөлігін босатып, адамдардан жол жиегіне көшуді сұрады. Осылайша қозғалыс қалпына келтірілді. Тұрғындардың айтуынша, судың қысымы тіпті екінші қабатқа да жетіспейді. Олар қанша шағым жасаса да, құр уәделер нәтиже бермеген. Шарасыздықтан жергілікті жұрт мәселеге назар аудару үшін жолды жауып тастаған.