BANNER

Алматылық ер адам лифтте балаларды ұрып-соққан

Фото: видео скрин

Балаларға шабуыл жасаған Алматы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамның әрекеті лифттегі бейнекамераға түсіп қалған.

Видео Instagram желісіндегі nemolchikz_official паблигінде жарияланған. Ер адам лифт ішіндегі балаларды қайта-қайта тепкілеген. Автор оқиғаның Алматыда 23 шілдеде түстен кейін болғанын атап өтті.  

«Видеода 10 жастағы балаларды теуіп, ұрып жатқанын ешкім көрмесе екен деп жан-жағына қараған», - деп жазды автор.

Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ер адамның кім екенін анықтап, бөлімшеге жеткізді», – деп жауап берген полиция департаменті.

Ведомство ер адамның бұл әрекетіне құқықтық баға берілгенін мәлімдеді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.