BANNER

Ауғанстанда тәліптер әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды

pixabay.com

Тәліптер әйелдерге қоғамдық орындарда бір-бірімен сөйлесуге тыйым салды, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Bild мәліметіне сілтеме жасап.

Талибан "ізгілікті насихаттап, көргенсіздікті жоюға" бағытталған бірқатар заңдар қабылдады. Бұл кодекске сәйкес, әйелдің көпшілік алдында шыққан дауысы "көргенсіздік" болып саналады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы "ізгілік пен көргенсіздік" деп аталатын шектеулерді айыптап, олардың қабылдануына алаңдаушылық білдірді.

2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамсыз саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.

Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға тыйым салынады. Сұлулық салондарына да тыйым салынды. Әйелдерге арналған баспаналар жабылды.