BANNER

Емші Ұлықбек Смановты мәжбүрлі түрде емге жіберіп, қылмыстық жауаптан босатты

Фото: orda.kz

Шымкент соты «асырап алған алты баласын қинады» деп айыпталған 53 жастағы емші Ұлықбек Смановты мәжбүрлі түрде емге жіберіп, қылмыстық жауаптан босатты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Балалар Шымкент, Алматы, Астана қаласындағы балалар үйіне қайтарылып, мемлекеттің қамқорлығына берілді. Осы шудан соң елде бала асырап алам деген отбасыларды, асыранды балалардың жағдайын тексеруді күшейту мәселесі көтерілді.

Әйелдер мен балалар құқығын жиі көтеріп жүрген «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Смаилова тек Смановты ғана емес оның әйелін де жауапқа тарту керек деп санайды. Оның пікірінше, бала асырап алғанда олардың өміріне, қауіпсіздігіне ерлі-зайыптылар бірдей жауапты.

«Қазақстанда балалардың құқығы толық қорғалмаған. Балалар мемлекеттік қолдауынан тыс қалып жатыр. Бала өз құқығының бұзылғаны жөнінде өтініш жазуға құқығы жоқ. Өтінішті оның заңды өкілі жазады. Меніңше, бала құқығы туралы заңды қайта қарау керек», - деді Дина Смаилова.