Ол 15 жастағы қызды жыныстық қатынасқа итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Себебі олар некені молдаға қидырған. Ал ата-аналары үйлену тойын да өткізіпті. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кейін 15 жастағы қыз жүкті болып, дәрігерге көрінген. Емханадағылар бұл ақпаратты полицейлерге жеткізген. Сосын тергеу басталып, жігітті соттаған. Десе де жасөспірім әлі күнге дейін күйеуінің үйінде келіндік міндетін атқарып жүр екен. Ол сотта өз еркімен тұрмысқа шыққанын айтыпты. Сонда да сот пен құзырлы орган жігітті кінәлі деп таныған. Сондай-ақ өмір бойына педогогикалық лауазымдарды атқару құқығынан айырған.
Алайда ата-аналар сот үкіміне шағымданып отыр. Себебі олар екі жастың қосылуына қарсы емес екен.
Қызылорда облысында 21 жастағы жігіт жасөспірімді жүкті қылғаны үшін 12 жылға сотталды
Stan.kz