BANNER

Нархоздағы харассмент: Студент құқығым тапталды деп отыр

Фото: orda.kz

Narxoz студенті Медина Фатима Майсар деканат қызметкері (жоғарғы курс студенті) харрасмент жасап, құқығын бұзғанын айтып жазба жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Бұл туралы facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.

Медина жазғы семестрге ақшасын төлеп, тіркелгеннен кейін үш апта бойы сабаққа қатысқанын айтты. Алайда кейін оның есімі топ тізімінде жоқ екені белгілі болды. Мәселеге тап болған қыз көмек сұрап деканатқа жүгінеді. Оны деканаттың қызметкері болып жұмыс істейтін жоғары курс студенті қарсы алады. 

 Мединаның айтуынша, бұл студент оны кинотеатрға шақырып, тіпті рұқсатынсыз жеке ақпараттарын базадан қарады. Анасының байланыс ақпаратын, әлеуметтік желідегі парақшаларын және туыстарының нөмірлерін студенттің жеке мәліметтер базасынан көріпті.

Медина білім ошағынан көңілі қалғанын айтып, басшылық оның шағымдары «маңызды» себеп емес деп екі апта бойы оны топ тізіміне қосудан бас тартқанын атап өтті.

 Студент қыз жазбасында мынадай талаптар қойды:

  • Өзін жазғы курсқа қатысушылардың тізіміне қайта қосу. Өйткені ол курсқа ақша төлеп, ережелерге сәйкес тіркелген.
  • Мәліметтер базасынан оның мәліметтерін заңсыз іздеген студентті оқудан шығару.
  • Сондай-ақ, харрасмент жасағаны үшін оны жұмыстан шығарып, бұл оқиғаны жеке ісіне жазып қалдыру.
 «Мен сабаққа баруды жалғастырамын, өйткені бұл менің құқығым және бұл жағдайға мен кінәлі емеспін», — деді Медина Фатима Майсар.

 Бұл оқиға жұртшылықтың назарын аударып, білім беру ұйымдарындағы студенттердің құқықтары мен этикасына қатысты мәселеге назар аудартты. Ал Narxoz әкімшілігі бұл мәселені өз қолдарына алып, қадағалайтындарын айтты.