Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.
Онда көлік-логистика саласын дамыту мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алды.
Президент шекарадан жүк өткізудің қиындығын, көптеген өткізу бекеттерінің жағдайы нашар екенін, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық-транзиттік жобалардың өз уақытынан кешігіп жатқанын айтты.
Президент көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Ақорда