Бүгін Қарағанды қаласының Мәдениет үйінде «Жаңа қала» жоспарлау аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕЖЖ) өзгерістер енгізу бойынша ашық қоғамдық талқылау өтті.
Талқылау барысында қаралған негізгі аумақтар:
- Химиялық-металлургиялық комбинат (ХМК) ауданы – 7-магистраль,
- Саран тас жолы маңындағы өнеркәсіптік аймақ,
- Саран тас жолынан бастап 20-шахтаға дейінгі аумақ.
Қала әкімі Мейрам Қожухов талқылау басталар алдында былай деп атап өтті:
> «Әрбір шешім қарағандылықтардың ашық дауыс беруі арқылы және заңнамаға қатаң сәйкестікте қабылданады».
Жоспарланған өзгерістер аясында келесі 8 әлеуметтік нысанның құрылысы көзделіп отыр:
- 4 балабақша,
- 2 емхана,
- 1 балалар орталығы,
- 1 спорт алаңы.
Бұл бастамалар – жайлы және функционалды қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдар.
Қоғамдық талқылау – бұл тұрғындардың пікірін ескере отырып, қаланың болашағын бірлесе айқындаудың тиімді құралы.