Құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралған үкімет отырысында премьер-министр үй кезегін біріздендіру әлі жүзеге аспағанын айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Олжас Бектенов баспана кезегінде, тұрғын үйге шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек деп мәлімдеді.
«Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ, бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде, шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қарашада президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған.
Оған сай, жеңілдетілген ипотека беру жалғасады.