BANNER

26 көлік соқтығысты, ішінде 4 автобус бар: Жамбыл облысында ірі жол апаты болды

Сурет: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығынан 26 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция депаратменті ұсынған мәліметке сәйкес, бүгін сағат 10:47-де "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолында көктайғақ пен боранның салдарынан 26 автокөлік соқтығысты. Соның ішінде 4 жолаушылар автобусы мен 4 жүк көлігі бар, қалғаны - жеңіл көліктер. Жол апаты Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылына жақын жерде болған.

"Қаза тапқан адамдар жоқ. Бауыржан Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дәрежеде жарақат алған 25 адам жүгінді", - дейді полицейлер.

Бүгін сағат 10:50-ден бастап Тараз қаласынан 593-тен 534 шақырымға дейінгі бағытта автожол екі бағытта да жабылды. Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.