BANNER

Абай ауданында заманауи ет өңдеу комбинаты салынуда

Қарағанды облысының әкімдігі сайтынан

Абай ауданында жылына 2100 тонна шикізат өңдейтін жаңа ет комбинаты салынуда. Өндірісте 20 жұмыс орны құрылады, бірақ болашақта штат кеңейеді.

Alisha Group ет өңдеу комбинатында ет сою, ет өңдеу және консервіленген өнім шығару цехтары қарастырылған. Жақын арада жабдықтарды жеткізілуі тиіс.

Жоба бастамашысы Рустам Қалиевтің айтуынша, комбинат күн сайын 300 бас ұсақ мал мен 50 бас ірі қара малды өңдеуге арналған.

– Өнімдер – салқындатылған және мұздатылған ет, ет консервілері, вакуумдық және термоқаптамалар, сондай-ақ тұтынушылар үстеліне әртүрлі етіп ұсынудың жаңа форматтары. Өндiрiс халал-стандарттарды және халықаралық тамақ қауiпсiздiгi сертификаттарын қоса алғанда, қазiргi заманғы талаптарға сай келедi. Одан әрі – жүн мен теріні қайта өңдеу желілерін іске қосуды көздеп отырмыз, – дейді Рустам Қалиев. – Негізгі өткізу нарықтары - Қазақстан, Парсы шығанағы елдері, Қытай, Түркия, Еуропа.

Шикізатты жергілікті фермерлерден сатып алатын болады. Тиісті сатып алу бағасының арқасында ауыл шаруашылығы өндірушілері серіктестікке қызығушылық танытуда. Болашақта компания мал өсіруге көшпекші.

Комбинат құрылысы үшін Абай ауданы кездейсоқ таңдалмаған: мұнда логистикалық артықшылықтар да, ауыл шаруашылығы өндірушілері де бар.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ет комбинатының құрылысымен танысты.

– Мұндай кәсіпорындар жұмыс орындарын ашып қана қоймай, сол жерде қосымша құнды қамтамасыз етіп, ауыл экономикасын нығайтып, өңірді инвесторлар үшін тартымды етеді. Қарағанды облысы аграрлық өңдеу саласын дамыту үшін барлық ресурстарға ие, – деп атап өтті өңір басшысы.

Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданына жұмыс сапары барысында ірі шаруа қожалықтарында болды, оның ішінде «Шанс» ШҚ және «Астра-Агро LTD» ЖШС бар. 

Қазір онда картоп пен басқа да дақылдар отырғызылып,

суару жобалары іске асырылуда.

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әнуар Төлібековтың айтуынша, өңірде егіс алқаптарын жоспарлы түрде әртараптандыру жүріп жатыр.

– Биыл майлы дақылдардың үлесі ұлғаюда, соның есебінен қайта өңдеу де ұлғаяды. Мысалы, «КарМельКомбинат» майлы дақылдарды өңдеуге арналған жаңа желілерді іске қосуды жоспарлап отыр, – дейді басқарма басшысы. – Осакаров ауданының Жансары ауылында 6000 басқа және Нұра ауданының Байтуған ауылында 1200 басқа арналған әлемдік стандарттарға жауап беретін екі ірі сүт-тауар фермасын ашу жоспарда бар.

Абай ауданында көктемгі дала жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде, 172 ауыл шаруашылығы құралымдары жұмылдырылды. Дәнді дақылдар себу жоспарының 74,9% орындалды. 

Бидай мен сұлы бойынша жоспар асыра орындалды, арпа, майлы дақылдар, картоп пен көкөніс егу жалғасуда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін техника жеткілікті. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 603 трактор, 10 өнімділігі жоғары егіс кешені, 139 тұқым сепкіш және басқа да ауыл шаруашылығы техникасы бар. 

Жұмыстарға арзандатылған дизель отыны бөлінді.

– Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту - стратегиялық бағыт. Біз бұдан әрі де субсидиялау желісі бойынша да, қаржыландыру және инфрақұрылымдық сүйемелдеу құралдары арқылы да қажетті қолдау көрсететін боламыз. Негізгі мақсат – өндіріс, қайта өңдеу және экспорт, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін тұрақты әрі тиімді болатын жағдайлар жасау, – дейді Ермағанбет Бөлекпаев.