Адам етінен тұшпара жасаған маньяк бостандыққа шықты

ашық дереккөз

Екі адамды өлтіріп, етінен тұшпара жасаған қаніпезер бостандыққа шықты. Ол өз жазасын 23 жыл өтеген, деп хабарлайды Экспресс К. 

Қанды қол қылмыскердің бостандыққа шыққаны жайлы Ren.tv сайтында жазылды. Дерекке сүйенсек, ол қазір өз үйінде тұрып жатыр. Бірақ көршілері 23 жыл бұрынғы жағдай қайталана ма деп алаңдаулы.

Михаил Малышев Ресейдің Пермь қаласында тұрады. 56 жастағы қаніпезер 2 адамды өлтірді деп сотталған. Тіпті өлген адамның етінен тұшпара жасапты. Оның бірі студент қыз болса, екіншісі жақын досы. Дей тұрғанымен оны 8 адамның өліміне қатысы бар деген күдікте жоқ емес.