Ақтауда әкесінің үш баласын өлтіруіне қызғаныш себеп болуы мүмкін – прокуратура

Ашық дереккөз

Ақтауда әкесінің үш баласын өлтіруіне қатысты істе жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Astana TV телеарнасының мәлімдеуінше, прокурорлар ер адамның мұндайға баруына балаларын қызғануы себеп болуы мүмкін деп санайды.

Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегеновтің айтуынша, іс отқа жолданды. Тергеу екі айға созылды. 36 жастағы ер адамға 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

"Облыс прокуратурасының зерттеу қорытындысы бойынша айыпталушы Есеновке қатысты 99-баптың 3-бөлігі ("Кәмелетке толмағандарды өлтіру") бойынша айыптау актісі жасалып, сотқа жіберілді. Кінәлі адамның әрекетіне бағаны сот береді".

2023 жылғы 23 наурыз күні Ақтауда пәтерлердің бірінен үш бала өлі күйінде табылды. Күдікті ретінде балалардың әкесі ұсталды.