BANNER

Астанада өткен халықаралық турнирдің үздік боксшылары анықталды

.

Бокстан Астанада ұйымдастырылған "Elorda Cup 2023" халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды. Сондай-ақ жарыстағы үздік боксшылар анықталды. 

Ерлер 13 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтаса, әйелдер арасында 12 салмақта жекпе-жектер өтті. Барлығы 12 елден 200-ден астам спортшы бақ сынады. 

Жарыс жеңімпазы 700 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. Күміс жүлдегер – 400, қола медаль иесі 200 доллар иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Махмұд Сабырхан (-57 кило), әйелдер арасында қытайлық Ян Ченьгю (-63 кило) үздік боксшы атанды. 

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы да 8 алтын медальдан еншіледі. 

48 кило

Теміртас Жүсіпов

Ернұр Қайрат

Али Токтаров и Кеишам Санжит Сингх (Үндістан)

51 кило

Сәкен Бибосынов

Кенже Маратұлы

Танарат Саенгфет (Таиланд), Асилбек Джалилов (Өзбекстан)

54 кило:

Тимур Кабдеш

Азат Махметов (Бахрейн)

Дәулет Молдашев және Кәрім Серкебаев

57 кило

Махмуд Сабырхан

Асылжан Серікбай

Серік Теміржанов және Суктхет Сарафут (Таиланд) 

60 кило

Дилшод Абдумуродов (Өзбекстан)

Бекнур Ожанов

Лунда Гантумур (Моңғолия) және Кумар Вишай (Үндістан)

63,5 кило

Ертуған Зейнулиннов

Кунатип Пидунч (Таиланд)

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Сұлтан Мусинов

67 кило

Шамшер Саидов (Тәжікстан)

Ельнур Сүйінбай

Темірхан Тезек, Рахат Сейітжан

71 кило

Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)

Ермахан Жақпеков

Фарух Тохтасынов және Талғат Шайкен

75 кило

Нұрқанат Райыс

Диас Молжігітов

Арман Арманұлы, Ильяр Аширов

80 кило

Таңаткан Тоқтарбек (Қытай)

Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан)

Илья Киселев және Турабек Хабибулаев (Өзбекстан)

86 кило

Абзал Құттыбеков

Шаймұрат Құсаинов

Парвиз Каримов (Тәжікстан) және Сумит Сумит (Үндістан)

92 кило

Сағындык Тоғамбай

Данияр Рахымбердинов

Айбек Оралбай және Нұрсатбек Тохиров (Өзбекстан)

+92 кило

Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Данабек Байғазы (Қытай)

Нұрлан Сапарбай және Мұхаммад Аброриддинов (Тәжікстан)

Әйелдер арасында отандастарымыз Алуа Балқыбекова (48 кило), Назым Қызайбай (50 кило), Жайна Шекербекова (54 кило), Виктория Графеева (57 кило), Римма Волосенко (60 кило), Наталья Богданова (66 кило), Жасмин Кизатова (70 кило) және Елдана Тәліпова (+81 кило) жарыс жеңімпазы атанды.