BANNER

Бірнеше адамға өмір сыйлаған өлім

pixabay.com

Алматы облысында бақилық болған 46 жастағы азаматтың сау ағзалары бірнеше адамға өмір сыйлады. Бұл өңірде алғаш рет жасалған донорлық операция. Қайтыс болған ер адамда бас миының өлуі тіркелген.

Туыстарының рұқсатымен басқа адамдарға бүйрек, жүрек, өкпе және көз қабықтары берілді.

Туыстары бұл шешім арқылы өмірден үміті өше қоймаған мұқтаж жандарға тағы бір мүмкіндік сыйлады.