Ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады

Ашық дереккөз

Оқиға 31 шілдеде болған. Ер азамат бұрынғы әйелінің соңынан аңдып, автобусқа мінген. Артынша ол пышағын алып, әйелге шабуыл жасаған. Абырой болғанда автобус ішіндегі азаматтар әйелді құтқарып, шабуыл жасаушыны ұстап алған. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ерлі-зайыптылардың ажырасқанына екі жыл болған, екі баласы бар. Бірақ күйеуі 27 жастағы бұрынғы әйелінің жеке өмірін қадағалап, бақылауды жалғастырған.

Бұған дейін ол бұрынғы әйелін улауға әрекет жасап, бетіңе кислото шашамын деп қорқытқан.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы (293-б.3-Б.) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @life09kaz