BANNER

Instagram желісінде қазақстандық авторлардың музыкасы қайта пайда болды

Сурет: Әлихан Асқар/Kazinform

Қазақстандық пайдаланушылар отандық орындаушылардың музыкасы бірнеше ай бойы жоғалып кеткен соң оны Instagram желісінде қайтадан пайдалана алады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Әділет министрлігі Instagram желісінде қазақстандық орындаушылардың музыкасының пайда болуына қатысты жағдайға түсінік берді.

- Иә, бүгінде Instagram әлеуметтік желісінде жекелеген қазақстандық авторлар мен орындаушылардың музыкалық туындылары пайда болды. Instagram желісіндегі музыкалық мазмұнға қол жеткізу Meta платформасының ішкі саясатына және авторлық құқық иелерімен жасалған келісімдерге сәйкес мерзімді түрде жаңартылатынына назарларыңызды саламыз. Meta ұжымдық негізде құқықтарды басқаратын ұйыммен ғана емес, авторлар мен орындаушылармен немесе олардың өкілдерімен тікелей келісім жасауға құқылы. Осыған байланысты бұл Meta-мен тікелей келісімге отырған авторлық құқық иелерінің шығармалары деп санаймыз, - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақ музыкасы қашан Meta-ға қайта шығатыны туралы пайымын айтты.