BANNER

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА АЖЫРАТЫЛҒАН ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Pixaboy

22 мамырда сағат 15.00-ден бастап «Сары-Арқа аэропорты» жағдайында лаңкестік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша «Дабыл-Антитеррор-2025» ажыратылған жаттығу өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығу аясында Қарағанды қаласының әуежай аумағында автокөлік қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған.

Осыған орай, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.

 

Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы