Төрт баланың анасы Нұргүл Ақышева Бұқар жырау ауданы Доскөй ауылындағы екі көпқабатты үйдің қалпына келтірілуін асыға күтуде. Оның отбасы мұнда пәтер алуға кезекте тұрған 60 жанұяның бірі.
Доскей ауылдық округінің коммуналдық меншігінде Доскей көшесіндегі алты бес қабатты бос үйлер бар. Олардың үшеуі қалпына келтірілді. Қазір жөндеу жұмыстары №36 және 37 үйлерде жүргізіліп жатыр.
– "Райс kz" ЖШС осы айда екі үйді қалпына келтіруге кірісті. Барлығы 60 пәтер жалға беріледі. Бұл тұрғын үйлер жалға беріледі. Жылу қажеттілігін толығымен жабу үшін модульдік қазандықты кеңейту конкурсы жарияланды. Жылумен жабдықтау үшін құбырлар саламыз, жарық, су қосамыз, – деді Доскей ауылдық округінің әкімі Ерболат Тоқмырза.
Үйлерді қалпына келтіру байқауында жеңіске жеткен мердігер – жергілікті, құрылыс саласында үлкен тәжірибесі бар компания.
– Біздің компания Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында тұрғын үй салумен айналысты. Біз жаңа нысанды кідіріссіз бастадық. Қазір қоқысты бөлшектеу және жинау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әзірге 16 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Қажет болған жағдайда біз тағы да жұмысшылар аламыз. Біздің міндетіміз – құбырларды төсеу, шатыр жасау, терезелерді салу және т. б. Біз қолданатын құрылыс материалдарының 80%-дан астамы отандық өндіріс. Біз пәтерлерді толықтай жөнделген қалпында тапсырамыз. Жұмыстың аяқталуы – 2024 жылдың жазы, – деді "Райс kz" ЖШС өкілі Айбек Сембек.
Үйлердің жанындағы аула да абаттандырылады. Ойын алаңын орнату, ауланы және кірме жолдарды асфальттау жоспарланған.
Жаңа қоныстанушылар кезекте тұрған ауыл тұрғындары қатарынан болады. Бүгінде Бұқар жырау ауданында тұрғын үй кезегінде 1031 адам тұр, оның 154-і Доскей ауылдық округінде.
Үш жыл бұрын Доскей тұрғыны Нұргүл Ақышева көпбалалы ана ретінде тұрғын үйге кезекке тұрды. Бүгін ол тізім бойынша төртінші орында және құрылыс жұмыстарының аяқталуын асыға күтуде.
– Қазір біз ата-анамызбен бірге тұрып жатырмыз. Әрине, ыңғайсыз, тар. Еgov.kz портал арқылы менің кезегімнің қалай жылжып жатқанын үнемі бақылап отырдым. Онда бәрі ашық және түсінікті. Бірден екі үйді қалпына келтіре бастағанын көргенде, менің пәтеріме деген үмітім шындыққа айналатынын түсіндім. Құрылыстың аяқталуын асыға күтемін, – деп бөлісті Нұргүл Ақышева.
Сондай-ақ, Доскей ауылында "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша мәдениет үйінің құрылысы және су құбыры желілерін қайта жаңарту басталды.