BANNER

Қарағанды облысында оқушылар арасында қазақ тілін үздік білетіндер анықталды

Қарағанды облысының әкімдігі

«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 7–11 (12) сынып оқушылары арасында өңірдің қазақ тілді және қазақ тілді емес мектептерінің 158 оқушысы қатысты. Олардың оны жеңімпаз атанды.

Олимпиада бес пән бойынша өткізілді:

1. «Суретші-иллюстраторлар» (комикс жанрындағы қазақ әдебиеті туындыларына иллюстрациялар жасау).

2. «Білгірлер сайысы» (халық ауыз шығармашылығы білгірлерінің байқауы).

3. «Жас жазушы» (шығарма жазу).

4. «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, берілген тақырыпта көпшілік алдында сөйлеу).

5. «Әнші бұлбұлдар» (вокалдық шеберлік байқауы).

«Сөз шеберлері» номинациясында № 4 Теміртау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шұғыла Үсен (қазақ тобы) және Осакаров ауданы № 9 гимназиясының базасындағы тірек мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы Камила Доминова жеңімпаз атанды.

«Жас жазушы» санатында С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының он бірінші сынып оқушылары Аружан Бөкенова (қазақ тобы) мен Қарағанды № 2 лицейінің оқушысы Даная Корытникова үздік деп танылды.

Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 11-сынып оқушысы Набисалық Ержанат (қазақ тобы) және № 1 «BILIM-INNOVATION» лицейінің тоғызыншы сынып оқушысы Саид Ибрагимов халық ауыз әдебиетін білетіндер арасында жеңімпаз атанды.

Суретші-иллюстраторлар арасында ең үздіктер – Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушысы Азамат Мұратұлы (қазақ тобы) және Қарағанды қаласындағы № 1 гимназияның сегізінші сынып оқушысы София Тумаева.

«Әнші бұлбұлдар» номинациясында Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушысы Еркеназ Талғатова (қазақ тобы) және № 2 «BILIM-INNOVATION» лицейінің оныншы сынып оқушысы Мария Тен жеңіске жетті.

Барлық жеңімпаздар биыл мамыр айында Астанада өтетін «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінде Қарағанды облысының атынан өнер көрсетеді.