BANNER

Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде арнайы маршруттар қатынайды

Фото: yandex.kz

1 тамыз күні Астанада әлемге танымал америкалық әнші Дженифер Лопестің концерті өтеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарының концерт орнына ыңғайлы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында арнайы шаттл-маршруттар ұйымдастырылады.

Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.

Шаттл бағыттары:
• Астаналық цирк автотұрағы;
• «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
• «QAZAQSTAN» спорт кешенінің автотұрағы;
• Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;
• «Бас мешіт» автотұрағы.
Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.

Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шаттл автобустарымен қатынағаны жөн.