BANNER

Қарағанды ​​облысының тұрғыны үш жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

.

Абай ауданы, Южный ауылының тұрғыны Диана Жұмабекова үш жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Үш жасар Алан Закаленков 12 шілдеде ауырып, екі күннен кейін қайтыс болған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Диана Жұмабекова оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Әйелдің айтуынша, 12 шілдеде олар өзенге барған:

«Өзенде көп болған жоқпыз, бірақ Алан күнге күйіп үлгерді. Үйге келгенде қызуы көтерілді. Келесі күні тағы да денесі қызды. Түскі сағат 12:00-де медбикені шақырдық, ол қызу түсіретін укол салып, кетіп қалды. Алан кешкі уақытта аяғының ауырып бастағанын айтып шағымданды. Бірден Топар ауылдық жедел жәрдем бөліміне хабарластық олар келмейміз және қызмет көрсетпейміз деді», - дейді Диана Жұмабекова.

Баланың анасының айтуынша, бала түні бойы ұйықтамаған. 14 шілде күні таңғы 9-да әйел баласымен бірге Топарға жолға шыққан.

«9:00-ден 12:00-ге дейін Топар ауылындағы аурухананың қабылдау бөлімінде күтіп отырдық. Кезекші дәрігер баланың қиналып жатқанын көрді, бірақ көмек көрсетпеді. Біршама уақыттан кейін хирург аяғын рентгенге түсіріп, ешнәрсе жоқ екенін. айтты. Ол тұрғылықты жері бойынша терапевтке хабарласу керектігін немесе балалар бөліміне баруды ұсынды. Біз анамның үйіне бардық. Бірақ кешке ұлым аяғым тағы ауруда деп шағымданды. Топар ауруханасына қайта бардық. Олар укол салып инфекциялық бөлімге жіберді. Аланның табаны көгеріп кеткен. Дәрігерлер бізді қалаға жіберуге шешім қабылдады. Фельдшер келгенде ұлым қалаға жете алмайды дедім», - деп жалғастырды Диана Жұмабекова.

Әйелдің айтуынша баланы алдына алғанда көзі жоғарыға қарап кетіп бара жатқанын түсінген.

«Мен көлікті бұрып, оны реанимацияға апаруын өтіндім. Реанимацияда әлі де сөйлеп "мама, мама" деді. Сосын ол қайтыс болды. Олар маған қолдарынан келгеннің бәрін жасағандарын айтты. Медициналық мекемелерге бес рет бардым, бір рет жедел жәрдем шақырдым, өзім келдім, тіпті балама термометр де бермеді. Мұндай салғырттық танытқандар жазалануы тиіс», - деді марқұмның анасы.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы аталған факті бойынша тексеру жүргізілетінін хабарлады:

"Қазіргі уақытта адам өліміне әкеп соқтырған оқиғаға сараптама жүргізілуде. Алдын ала анықталғандай, баланың ата-анасы медициналық көмекке жүгінген кезде орталық аудандық аурухана мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу бірнеше рет ұсынылған, алайда ата-анасы аталған ауруханалардың жағдайында емделуден бас тартқан. Толық сараптама қорытындысы кейінірек айтылады", - деп хабарлады министрлік.

Алайда баланың анасы ауруханаға жатқызудан бас тартуға қол қоймағанын айтады.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы аталған факт бойынша тексеру жургізілетінін хабарлады:

 "Бұл дерек тіркелді. Өлімнің алдын ала себебі - екі жақты пневмония. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қосымша жауап беріледі", - деді министрлік.