2024 жылғы 20 қарашада «№ 1 Гимназия» КММ алаңында Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандары комитеті филиалының «Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ төрағалары Қарағанды қаласының білім және ғылым қызметкерлерімен ҚР еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды.
Семинарға директорлар, мектеп директорының орынбасарлары, педагогтар және білім беру саласында жұмыс істейтін басқа да қызметкерлер қатысты.
Аталған семинарда мемлекеттік еңбек инспекторы А.С. Қасымова «Білім және ғылым саласындағы еңбек заңнамасын бақылау» тақырыбында баяндама жасап, 2024 жылдың 10 айында білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталған негізгі бұзушылықтар мен олар бойынша қабылданған шараларды айтты.
Семинар барысында жұмыскерлердің келісу комиссиясына жүгіну мәселелері, келісу комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібі, еңбек шартын жасасу және бұзу тәртібі, тәртіптік жаза қолдану тәртібі, еңбекке ақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы, жұмыс уақыты режимі және т. б. мәселелер бойынша негізгі аспектілер айтылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдері үшін алғыстарын білдіріп, іс-шараға оң баға беріп, пікір алмасты.