BANNER

Қарағандыда жасөспірім қатарласына сіріңке лақтырып, өртеп жібермек болған

Stan.kz

Оқиға үй ауласында болған. 16 жастағы жасөспірім жәбірленушіге бензинді иіскеп көруді ұсынған. Ол жәбірленуші Нұрсұлтанның шалбарына төгілген. 

16 жастағы жасөспірім бензин үшін өтемақы, яғни 4 мың 500 теңге сұраған. Жәбірленуші өзінде ондай ақшаның жоғын айтқан. Сосын жасөспірім оның киімін өртеп жібермек болған. Салдарынан 14 жастағы жасөспірім ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілген. 

Анасы баласының мектепте де қатарластарынан қорлық көретінін айтты. 

Полиция қылмыстық іс қозғаған. Күдіктінің аты-жөні анықталып, жауап алынған. Оған сот-психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды. Қорытындыны алған соң қылмыстық іс сотқа жолданады.