«Алтын ғасыр» галереясында 2 мамырда сағат 16:00 қарағандылық жас суретші Виктория Иванчикованың көрмесі ашылады. Түрлі техникада жазылған картиналар өзін іздеу мен өмір туралы ой толғау секілді ортақ тақырыппен біріктірілген.
Көрме «Пішінді іздеу» деп аталады. Экспозицияға майлы және акрилді кескіндеме, қарындаш суреті және басқа да түрлі техникаларда орындалған 30 жұмыс енді.
– Бұл жұмыстардың барлығы менің қолымда болды, мен оларды көрме үшін арнайы жасаған жоқпын. Бірақ соңғы кездері менің дүниетанымым мен ішкі жағдайым өнерімде көрініс тапқан сияқты, әртүрлі болса да, жұмыстар бәрібір бір-біріне ұқсас болып шығады, – дейді Виктория Иванчикова.
Оның айтуынша, экспозицияға енген барлық картиналарды ортақ тақырыпқа біріктіруге болады. Сонымен қатар, суретші өз жұмыстарында метафорикалық және басқа да бейнелерді қолданады, онда әрбір көрермен өз нәрсесін көре алады.
– Менің көрмеге шығатын ең сүйікті жұмысым – «Жан жарығы». Ол соншалықты жарқын, соншалықты тірі болып шықты. Тіпті өз жанымның автопортретін түсіріп алдым деп айтар едім, – дейді Виктория Иванчикова.
Көрме 8 мамырға дейін жалғасады. Кіру тегін.
«Алтын ғасыр» галереясы Қарағандыда Комиссаров көшесі, 35а мекенжайы бойынша орналасқан.