BANNER

Мемлекет басшысы жеңілдетілген ипотека санын арттыруды тапсырды

ашық дереккөз

Президент Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуінде аймақтағы жеңілдетілген ипотека бағдарламасын өзге өңірлерде де қолдануды ұсынды.

«Жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады. Жылына 5 пайыздық өсіммен 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл ипотеканы мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және жоғары оқу орындарының оқытушылары ала алады. Биыл 75 несие берілді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы  аталған бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыру керегін айтты.

«Бұл – жергілікті жас отбасыларды, жас мамандарды қолдауға арналған тиімді әдіс. Олар басқа аймақтарға көшпей, туған жерінде еңбек етуге жақсы мүмкіндік алады. Мұндай тәсілді өзге облыстар да қолдануы керек», деді ол.