BANNER

Орман өрті өршіп тұрған Абай облысында жаңбыр жауды

.

Ұзақ уақыттан бері орман өрті болып жатқан Абай облысында жаңбыр жауды. Бұған дейін Абай ауданы Озерки ауылында жаңбыр шақыру үшін тасаттық рәсімі өткізілген. Бұл жөнінде Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Озерки ауылы "Семей орманы" қорығын шарпыған орман өрті аймағына жақын жерде орналасқан.

"Тасаттық" – халық жиналып, аптап ыстықта жаңбыр сұрап жаппай дұға оқитын рәсім.

Бұған дейін Абай облысындағы өрттен 14 адамның қаза тапқаны белгілі болса, кейін тағы бір адамның көз жұмғаны анықталды. Осылайша марқұмдардың саны 15 адамға жетті. Елімізде 12 маусым күні Аза тұту күні жарияланды. Тілсіз жаумен күрес әлі де жалғасып жатыр.

Өртеніп жатқан аумақ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватына қарайды. Ресми мәліметке сүйенсек, резерваттың жалпы аумағы  - 654 179 гектар. Өртеніп жатқан аумақ бір-біріне шекаралас – Жаңашүлбі мен Бородулиха филиалдары.

Басшылық жайбарақат отыра берген: Абай облысында көз жұмған орманшылардың жақындары тың деректермен бөлісті

"30 жылдың ішінде бүкіл орманнан айырыламыз": Еліміздегі өртке байланысты БҰҰ сарапшысы билікке кеңесін айтты

"Басшысы денсаулығы жоғын айтып, өрт орнына баруға мәжбүрлеген": Абай облысында көз жұмған орманшының әкесі болған жағдай туралы айтып берді

Еске салайық, 9 маусымда Абай ауданында 30 мың гектарға жуық аумақты шарпыған өрт шыққаны белгілі болды. Алайда кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Сондай-ақ орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені айтылды. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

9 маусымда түн ортасына таман президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапарын кейінге қалдырып, Абай ауданындағы өрт аймағына ұшатынын хабарлады. Сондай-ақ президент Абайдағы өртпен күресу үшін бар мүмкіндікті пайдалануды тапсырды. Төтенше жағдайлар министрлігі 10 маусымға қараған түні Абайдағы өртті сөндіруге Алматы мен тағы төрт облыстан қосымша күштер мен құралдар жіберілетінін мәлімдеді.

"Семей орманы" табиғи резерватында болған ірі өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.

Адамдардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

13 Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі өрт алаңы айтарлықтай қысқарғанын мәлімдеді.