Х Халықаралық RoboLand 2025 робототехника фестиваліне қызу дайындық жүріп жатыр. Биыл фестиваль Қазақстанның түрлі облыстарынан, сондай-ақ Болгария, Иран, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген командаларды жинайды. Қарағанды тағы да техникалық шығармашылық, инновация және инженерлік жаңалықтар орталығына айналады.
Фестиваль 2025 жылғы 28-29 наурызда «Жастар» спорт кешенінде (Қарағанды қ., Казахстанская к-сі, 1/4) сағат 08.30-17.00 дейін өтеді.
Биыл қатысушыларды 23 санат бойынша қызықты жарыстар күтіп тұр, соның ішінде ең танымал: «Кегельринг», «Лабиринт», «Квадрокоптерлерді маневрлеу», «Шығармашылық санат» және басқалары. Жарысқа 362 команда қатысады деп жоспарланып отыр, бұл 750-ден астам қатысушы. RoboLand 2025 финалисті атану үшін 2000-нан астам бала іріктеу жарыстарына қатысып, 400-ден астам команда іріктеу кезеңінде бақтарын сынады. Енді қатысушылар RoboLand 2025 финалына дайындалып жатыр.
Фестиваль аясында дәстүрлі «Қарағандылық кездесулер» өтеді. Биыл пікірталастардың тақырыбы – «Білім беруді цифрлық трансформациялау: трендтер мен перспективалар», онда жетекші сарапшылар оқу процесіне цифрлық технологияларды енгізуді талқылайды және STEM-білім беруді дамыту бойынша тәжірибе алмасады.
Фестивальді ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының білім басқармасы, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Kazdidac» қауымдастығы. Бас демеуші – «Базистік дүкен» ЖШС, ресми демеушілер – DIGIS AV және Регион 715 компаниялары. Демеушілер – RadioMart.kz, ARYSTAN IT group және Ұлыбританияның Gratnells компаниясы.
Әр түрлі елдерден қатысушыларды асыға күтеміз және жарқын жаңалықтар, шабыт және жаңа жеңістер үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз!
Толығырақ ақпаратты www.roboland.kz фестивалінің ресми сайтында алуға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Тел./факс: +7 (7212) 41 51 94
Ұялы тел.: +7 (776) 006 82 88
E-mail: roboland.kz@gmail.com