BANNER

Тұмаудан сақтанудың жолдары

.

Күн суытып ауа-райы өзгере бастады. Бұл уақытта жылы киініп өзіңізді күткен дұрыс. Қазір тұмаудың кең тарайтын кезеңі. Кейбіріміз тұмаудың алғашқы белгілерін байқасақ та, нендей шара қолданарымызды білмейміз. Сонымен, тұмаудан қалай тез айығуға болады? Немесе оның алдын алу үшін не істеу керек?

Тұмау – вирустардан туындайтын инфекциялық ауру. Адамдарға жұғып, өте тез таралатын қаупі бар. Вирустар жыл сайын мутацияға ұшырап, жаңа эпидемиямен келеді.

Оның алғашқы белгілері бір-екі күннің ішінде байқалады.

•   Аяқ астынан дене қызуы көтеріліп кетеді;

•   Бас қатты ауырады;

•   Жарық сәуледен көз ауырады;

•   Бұлшықеттер өздігінен ауырып, буындар сырқырайды;

•   Жөтел басталады.

Тұмаудан қалай қорғану керек?

Тұмаумен ауру қас-қағым сәтте орын алады. Тұмаудан оқшауланудан бөлек екпе арқылы қорғануға мүмкіндік бар.  Өкінішке қарай, екпенің өзі белгілі вирустардан ғана қорғай алады. Ал басқа жедел респираторлық-вирустық инфекциялар (тұмау емес) ағзаңызға енуі ықтимал. Жай ғана «жөтел, тамақтың ауруы» тұмаумен салыстырғанда «болмашы» нәрселер. Қорғанудың тағы басқа түрі ретінде тұмау тиген адаммен байланысты уақытша үзіп, организмді «күшейту». Оған қоса адамдар көп жүретін жерден аулақ болып, көп кісі жиналатын орындарға бармай, бір реттік маска киіп жүрудің де маңызы зор! Сонымен қатар, қолды сабындап жуып, бөлмені жиі-жиі желдету керек.

Егер тұмау тисе

Үйде болыңыз, жылы киініңіз. Үйде жатпасаңыз, өзіңізге де, өзгеге де аса үлкен зиян келтіресіз. Міндетті түрде дәрігер шақыртқан жөн. Ол вирусқа қарсы дәрілерді жазып береді. Егер 3-4 күннен кейін де тұмауыңыздың беті қайтпаса, дәрігерді тағы да шақырыңыз. Ол аурудың асқыну себептерін анықтап, емдеудің басқа түріне көшіруі ықтимал.

Сонымен қатар, ыстық түсірушілерден аса сақ болыңыз! Біріншіден, қызуөлшегіш 37.3-ті көрсетіп тұрса, асықпаңыз, 38,5-ке жеткенше шыдағаныңыз жөн. Оған дейін организм қысымды көтеру арқылы вирустармен күреседі.

• Сусынды көбірек ішіңіз. Ең дұрысы – шөп шай мен кептірілген жемістерден жасалған компот. Бір ғана шыныаяқпен шектелмей, мейлінше көбірек сусын ішуге тырысыңыз. Сұйықтық қысымның түсуіне көмектесіп, мұрынның бітелуінен сақтайды және тамағыңыздың ауруын жеңілдетеді.

• Бөлмені желдетіп тұрыңыз. Таза ауа - инфекцияның жауы, әрі сіздің демалуыңыз жеңілдей түседі.

• Ауа ылғалдылығын сақтаңыз. Ауаның ылғалдылығының қолайлы көрсеткіші – 40–60%. Мұндай температурада тамақ кеуіп, мұрыннан су кетпейді. Яғни, вирустардың шабуылы төмендейді.

•  Әр күн сайын бөлмені тазалаңыз. Ылғалды тазалық дұрыс микроклимат ұстауға көмегін тигізеді.

• Бөлек бөлмеде «ауырыңыз». Егер адамдармен сөйлесе қалсаңыз, маска тағыңыз, әйтпесе оларға да жұқтыруыңыз мүмкін. Тамаққа бөлек ыдыс-аяқ қолданыңыз.