BANNER

1 наурыздағы эпидемиологиялық ахуал

Фото: Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жариялады, деп хабарлайды saryarqanews.kz.

Өткен тәулікте еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 228 жағдай тіркелді. Соның ішінде 14 адам Қарағанды облысына тиесілі.

Індет басталғалы бері елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 302 550-ге жетті. 

Ал өткен тәулікте Қарағанды облысында 37 адам айыққан. Жалпы Қазақстанда 1627 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Осы уақытқа дейін елімізде барлығы 1 269 129 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Матрица:
  
«Қызыл» аймақта: 
  
 «Сары» аймақта : Солтүстік Қазақстан
  
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары.