Денсаулық сақтау министрлігі 10 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жариялады. Індет жұқтырғандар саны 2000-нан асты, деп хабарлайды saryarqanews.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 087 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 997 438 жетті. Оның ішінде Қарағанды облысында - 49 адам індет жұқтырған.
Ал өткен тәулікте елімізде 514 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Соның ішінде Қарағанды облысында - 64 адам айықты.
10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
«Сары» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы.
«Жасыл» аймақта: Ақмола,Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.