BANNER

18 қаңтардағы эпидемиололгиялық жағдай

18 қаңтардағы эпидемиололгиялық жағдай

Денсаулық сақтау министрлігі 18 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жариялады, деп хабарлайды saryarqanews.kz.

Өткен тәулікте еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 698  жағдай тіркелді. Соның ішінде 1 371 адам Қарағанды облысына тиесілі.

Індет басталғалы бері елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 071 130-ға  жетті. 

Ал өткен тәулікте Қарағанды облысында 194 адам айыққан. Жалпы Қазақстанда 1 142 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Осы уақытқа дейін елімізде барлығы 973 637 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.