Тойда отырған 120 адам өртеніп кетті

Ашық дереккөз

Иракта үйлену тойы кезінде өрт шығып, 450 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі РИА Новости Красный полумесяц порталына сілтеме жасап.

Ирактағы үйлену тойында өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты.

"Мосулдың шығысындағы Хамдания округінде үйлену залында өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 450-ден асты", - деп жазылған басылымда.

Бұған дейін Al Arabiya порталы 120 адамның қайтыс болғанын жазған.

Алдын ала мәлімет бойынша меймандар жабық той залында отшашу қолданған. Кейбір БАҚ-тың айтуынша, мейрамхана арзан құрылыс материалдарынан жасалғандықтан, өрт тез тұтанған.