Жапонияның бұрынғы премьер-министріне шабуыл жасалып, қайтыс болды

Ашық дереккөз

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ ес-түссіз ауруханаға түсті. Оған Нара қаласында көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуыл жасалған - деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап

NHK қоғамдық телеарнасы мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30 шамасында болған. Осы кезде атысқа ұқсас дыбыс естіліп, күдікті азамат оқиға орнында ұсталған.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің өміріне қастандық жасаған күдікті анықталды

Полиция Нара қаласында 41 жастағы Ямагами Тецуяны қамауға алған. Ол бұған дейін Жапонияның теңіздегі қорғау күштерінде қызмет еткені хабарланды. Оқиға орнында полицейлер қолдан жасалған қаруды тәркіледі.

Оқиғаның куәгері болған екі әйел NHK арнасына берген сұхбатында, ер адам Абэ сөз сөйлеп жатқанда артынан келгенін айтты. Куәгерлердің айтуынша, алғашқы оқтан ешкім зардап шекпеген. Алайда екінші рет оқ атылғанда Абэ жерге құлаған.

Министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Матсуно Жапония үкіметі бұрынғы премьер-министрге жасалған қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын айтты.

Өкінішке қарай Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ жасалған шабуыл салдарынан қайтыс болды,

NHK телеарнасы мәліметінше, саясаткер Нарадағы медициналық университеттің ауруханасында қайтыс болды. Ол 67 жаста еді.