Бүгін Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді

Ашық дереккөз

Елордада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі ҚР Президенті Әкімшілігінің Теlegram каналына сілтеме жасап.

Бүгін Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Бұл халықаралық форумға АӨСШК мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қатысады.

Саммит аясында ықпалдастықтың өзекті мәселелері мен осы ұйым қызметінің басым бағыттарын талқылау жоспарланып отыр.