Бұқар Жырау ауданы Нұра өзеніндегі Петровка ауылынан 1 км қашықтықта 19 шілдеде Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқарушылары іздеу жұмыстары барысында 18 шілдеде суға шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
1969 жылы туған ер адам достарымен бірге демалған.
Бұл оқиға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетеді:
‼️Мас күйде ешқашан суға түспеңіздер!
‼️Тыйым салынған немесе белгісіз жерлерде суға түсуден аулақ болыңыздар!
‼️Балаларды үнемі қадағалаңыз және оларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыздар!
‼️Құтқарушылардың ескерту белгілері мен нұсқауларын орындаңыздар!
Су айдындарындағы қауіпсіздігіңіз ТЕК СІЗГЕ байланысты!
Оқиғалар орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.