Елімізде коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

Ашық дереккөз

Өткен тәулікте елімізде коронавирустың 18 жағдайы анықталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар 18 қазандағы мәлімет бойынша, 949 адам коронавирус инфекциясынан (–818+ және 131 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 109 пациент стационарда, 840 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.