«Қазақ» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) Америка Құрама Штаттарында өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі спортшының желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Аргентина боксшысы Хавьер Франсиско Масьельмен (34-17, 23 КО) жұдырық түйістіру алдында қазақстандық боксшы орта салмақ дәрежесінде қалды.
Жекпе-жек АҚШ уақытымен 7 қазанда (Астана уақытымен 8 қазан – авт.) Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді.
Айта кетсек, Қанат Исламның осы аталған жекпе-жегі алдында қарсыласы ауысып кеткен болатын.
Қ.Ислам соңғы жекпе-жегін британдық боксшы Джимми Келлиге (26-3, 10 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіліп қалған еді.