BANNER

Семейдегі 4 жасар баланың өлімі: мәйітті дәретханаға лақтырып жіберген

Фото: orda.kz

Абай облысының тұрғыны баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қызына сексуалдық сипаттағы әдепсіз әрекеттер жасап, ұл баланы айуандықпен өлтірген 38 жастағы облыс тұрғыны сотталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Ішімдік ішкен агрессор үйінде тоғыз жасар қызын зорламақ болған. Содан кейін ол әйелі күтуші ретінде қарауы тиіс төрт жасар баланы ұрып-соққан.

«Қылмыскер баланы бірнеше рет ұрған. Соққыдан кейін бала мерт болды. Ешқандай көмек көрсетпестен баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына лақтырып жіберген» делінген хаттамада.

Сот кісі өлтірушіні өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оның әйелі де жазаланды - ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.