Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Шошанұлы Сүлейменовке тапсырылсын;

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені жазушы Дулат Исабековке және «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры Владимир Фёдорович Розметовке тапсырылсын.